25.06.2022
233
Тағы да келіп тұрмын жұрт, ұяма...
Тағы да келіп тұрмын жұрт, ұяма,
Жан тоймас, жарықтық жер құпияңа.
Жап-жарық ымырттарың сонау қырдан
Қолдарын созғандай-ақ маған жылдам.
Бұлтты күн бұйра шашы желкілдеген
Көшеді булы жердің бетіменен.
Қою кеш сол баяғы, сол мұңменен
Жанымды əлі менің əлдилеген.
Басынан күміс күмбез шіркеулердің
Көлеңке құлағанын көп көргенмін.
Бір кезде асыр салған құрдас-құрбым,
Мен бүгін орыныңды сипап тұрмын!
Келмеске кетті жылдар, болып ұмыт.
Сендер де болдың ұмыт қыз бен жігіт.
Тек қана баяғыша сумен сылдыр
Қанаты диірменнің қағар бұлдыр.
Кеш болып айналаға түскен де ымырт –
Мен басқан шіліктердің басы сынып,
Еңкейіп есіл жерге мұң шағамын
Оңаша өткенді ойлап, жасым сығып.