25.06.2022
  236


Автор: Сергей Есенин

ТІЛЕНШІ ҚЫЗ

Терезенің дəл алдында бір қыз бала тұр жылап,
Үй ішінен естіледі тəтті күлкі сыңғырлап.
Күзгі суық ызғырық жел ышқынып дым бүркеді,
Дір-дір етіп жылап тұрып көз жасын қыз сүртеді.
Жəбірленіп, жапа шегіп көздің жасын бұлап тұр,
Зар еңіреп, қайыр тілеп, бір тілім нан сұрап тұр.
Шадыман жұрт шат күлкісі шайқалтып тұр сол үйді,
Естіртетін емес мүлде жылағанын сəбидің.
1915





Пікір жазу