25.06.2022
  230


Автор: Сергей Есенин

Аспанның көк табағында...

Аспанның көк табағында
Сарғыш бұлттар – сары бал.
Бəрі ұйқыда, түн бабында,
Ояу менмін – ойым зар.
Бурыл орман бу жұтады,
Бұлттың төсін сүзгілеп.
Саусақ созып қыр жатады,
«Есіркей гөр бізді!» – деп.
Құтан судан құрт аулайды,
Қанаттары қамшыдай.
Жалғыз жұлдыз жылтырайды,
Көкте қалған тамшыдай.
Сол жұлдыз боп, не нажағай,
Орманды отқа жақсам мен.
Сəуле болып қызыл арай
Қыдырсам бір аспанмен.
1915





Пікір жазу