25.06.2022
195
Айхай, Русь, айналайын...
Айхай, Русь, айналайын,
Қай бұл тұсың, қай маңайың,
Қайда басың, қайда аяғың –
Біле алмай мен таңқаламын.
Бір құдайы мейманыңдай
Соғам саған, көрем сені.
Қолын бұлғап тұрады ыңғай
Көк теректер көлеңкелі.
Алма-баудың аңқып исі,
Ақ шіркеулер күмбір қаққан.
Сырнайлатып, тартып күйші,
Жөнеледі-ау би бір жақтан.
Жүгіремін қырды аралап,
Жасыл шалғын қоршап мені,
Сыңғыр-сыңғыр сырғалардай
Қыз күлкісі қарсы ап мені.
«Таста Русьті, жұмаққа бар!» –
Десе маған əулиелерің,
«Жұмағыңды өзің-ақ ал,
Отанымды бер!» – дер едім.
1914