25.06.2022
  283


Автор: Сергей Есенин

ҒҰМЫРЫМ

Ғұмырым менің тарылғандай құсадан,
Қайда барсам қайғы торлап тұсаған.
Рахат, қызық бəрі тарқап кеткендей,
Байғұс жүрек жарыларға ұқсаған.
Қалайынша қасірет қана сыбағам,
Бұл қырсықтан қайтсем, қалай шыға алам?
Əлден көрген михнат-сорым аз емес,
Жүрек мықты осыншаға шыдаған.


Енді білдім алдамшы өмір сұмдығын,
Өкінбеймін еткеніме шын бүгін.
Ешкім ортақ болмаған соң қайғыңа,
Қасіретіңнің ұға берсін кім құнын?!
1911





Пікір жазу