25.06.2022
254
ƏНГЕ ЕЛІКТЕУ
Ат суардың ауыздығын алмастан,
Ақ қайыңдар балтырыңа жармасқан.
Терезеден тұрмын қарап, тұрмын мен,
Сөйлесуге сəулем сендей құрбыммен.
Ақ айдынның жағасында ерніңнен –
Ауыртып бір сүйіп алсам дедім мен.
Еліктіріп, езу тартып тұрдың да,
Аттың басын асығыстау бұрдың да;
Су шашып қап, кете бардың бұлдырап,
Асыл жүген жездерімен сыңғырап.
Алтын күндер шашағынан зер тоқып,
Қайран уақыт шапшаңырақ кетті өтіп.
Мен тағы да терезеге келгенде,
Сені əкетіп бара жатты жерлеуге.
Жоқтау, зарлау, қалың жиын кісіден,
Қаралы шырақ, қазалы топ ішінен.
Қайта көріп кескініңді сол күлген,
Сол сыңғырды естігендей болдым мен.
1910