Адам: кімде-кім түсінде танымайтын және еш жерде көрмеген адамын көрсе, ол—Алла тағала көрсеткен сол адамның нәпсісі. Егер сол адамға жақсылық жасағанын көрсе, ол—өзінің әрекетінің көрсеткіші. Егер екі адам көрсе—қорқыныштан құлан-таза арылады. Егер үш адам көрсе—күнәлардан сақтану керектігін білдіреді. Беделді адамнан көйлек алғанын көрсе, соның орнына тағайындалады. Егер ол адамнан жіп алғанын көрсе, ол адаммен араздасып қалады. Түсінде адамды ұрып- соғу—үйіңізде келеңсіз жағдай болатынының белгісі. Адамды жаралау—жоғалған затының табылатынына, адамға жәрдем беру—түс көрген адамның бос нәрсемен айналысатынына, адамды таспен ұру—жұмысында немесе сауда-саттықта жолы болмайды деп жорылады. Адамға нан берсе—науқастанады, ақша берсе—өсекаяңға душар болады, адамды ренжітсе—күмәнді болудан құтылады.
24.06.2022
565