24.06.2022
  16355


Автор: Түс жору

Адам өлтіру: түсінде бір кісіні өлтіру—ол кісіге жасайтын жақсылықты, өзінің өлтірілгендігін көру—өмір жасының ұзақтығын білдіреді. Бір топ адамның сізді өлтіруі—қызметіңіз бен абыройыңыздың өсетіндігін білдіреді. Түсінде баласын өлтіргендігін көру—халал табыс. Танымайтын біреуді өлтіру—дұшпанынан үстін болып, жауын жеңеді. Өз-өзіне қол жұмсау—тәуба ету. Егер әйел кісі түсінде күйеуін өлтіргендігін көрсе—оған жала жабылады. Адам өлтірген қызметкерді көру— қажылықты мұрат еткен адам мұратына жетеді, ауру кісі болса—ауруынан сауығады. Біреуді өлтірсеңіз— қаншама жылдардан бері таппай жоғалды деген адамыңыздан хабар аласыз. Бір адамды көз алдында өлтірсе, ол адамды танитын болсаңыз—сол адамның қолғабысы тиеді, танымайтын болса, істеген ісіне өкінеді. Егер басқа бір адамды өлтіргенін көрсе және өлтірген адам танысы болса—ол кісі ұзақ өмір сүреді.





Пікір жазу