24.06.2022
  150


Автор: Түс жору

Ағаш: белгісіз ағаш ашу мен ызаны білдіреді. Лимон сияқты ағаштарды көру—сырт дүниесі мен ішкі дүниесінің әдемілігін, білімі мен амалының барлығын және ісінің сөзіне сай екендігін білдіреді. Жапырағы жоқ ағаш көру—уайым мен қуаныш. Жапырағы бар ағаш көру—ұзақ өмір, дәулет. Ағаштың үстінде жатқанын көрсе—бала-шағасы көп болады. Ағаштың үстінде тұрса—қорқынышынан құтылады. Кімде-кім түсінде ағаш ексе және ол ағаш көктей бастаса—ол адам үйленеді. Ал жемісі жоқ ағаштар қадірсіз, дүние-мүлкі жоқ адамды білдіреді. Өз бақшасына ағаш отырғызған адамның көп перзенті болады және олардың өмірі сол ағаштардың ұзынды, қысқалығындай болады. Халықпен бірге ағаштың көлеңкесінде отырғанын көрсе—түс көрген адамның Құран және сүннетке ұйығаны үшін Алланың разылығын алатынын білдіреді. Ағаштың бұтақтары—бауыры мен туған-туыстарды білдіреді. Бір ағаштың бұтақтары көгеріп, көбейгенін көру—бауыры мен туыстарының көбейетініне жорылады. Ал азаятын болса, олардың да азаятынын білдіреді. Біреудің ағашын кессе, үйінен біреу ұзаққа кетеді. Бір ағаштың бұтағының қурап қалуы—туыстарынан біреуінің өлетінін білдіреді. Егер ол ағаш біреудікі болса—сол адамның туыстарынан біреу өледі. Егер түсінде біреудің бұтақ беріп жатқанын көрсе, ол—адам балаларының малынан пайдаланатынын білдіреді. Ағаштың астынан жапырақ жинап жүргенін көрсе—болашақта мал-мүлікті болады деп жорылады. Ағаштан жеміс жинап жүру—ұрпақтың, ал әртүрлі жеміс жинап жүру—рахат өмір мен ұзақ ғұмырдың белгісі.




Пікір жазу