24.06.2022
1962
Әжеге арнау
Ақ әжем , жан шуағым , жұмағымсың ,
Еншіме берілген бар бағымсың .
Қияметте Алла өзі нұрын төгіп ,
Нәсіп етсін Жәннәттің Фирдаусын .
Сене алмаймын әлі күнге кеткеніңе ,
Бір жұма зырғып лезде өткені ме?
Оралардай болып тұрасың қайта келіп ,
" Қара қызым" , деп мені құшып , сүйіп .
Бұған дейін Алладан тілейтінмін
Әдемді менен әсте айырмауын .
Алайда маңдайыма жазылыпты
Өмір бойы арқалау " мұңлық " тауын .
Айкөркем Бахтияркызы