22.06.2022
149
Қаныма сіңген ақ сүтімен ананың
Қаныма сіңген
ақ сүтімен ананың,
Қаршадай күннен
айтатын осы-бар әнім...
Көзімнен таса қалдырмай,
Ыстықкөлімді
Ғұмыр бойы
күзетіп жүрмін, қарағым.
Ерке ғой толқын,
еркелеп кей күн долданса,
Қақпаймын кірпік,
ашуы тарқап болғанша.
Қалмайды жаным
қалай боп кетер екен деп,
Осындай кезде
жоғалып кеткен көл қанша?!.
Күзетем сосын
Жазда да мұны,
қыста да,
Қаһарын тігіп,
Қақаған аяз қыста да.
Қаламын өзім,
Сауықшыл құстар сайраңдап,
Түстікке қарай ұшса да.
Нем қалды көлде,
Төрім де жақын аттасам,
Кетер ем менде
жанымды саған сақтасам.
Келмейді ұйқым –
Басымды сүйеп жағаға,
Ыстықкөлімнің
Толқынын тыңдап жатпасам!...