22.06.2022
  140


Автор: Сағи Жиенбаев

Мергендер

Аты шыққан дүрілдеп,
Болыпты не бір мерген.
Мергендер жайлы бүгін де,
Айтады жыр ғып көргендер.
Қыр кезіп салар,
күніне
Көрсе де қанша шапқынды,
Киелі құс деп,
бірі де,
Көздемейді екен аққуды.
Жөнеледі екен әрі асып
Аққуды көріп сыланған,-
Момындау
қырдың баласы
Қорықса керек құраннан...
Мезгіл де қазір өзгерген,
Мергендер көп те,
құстар аз.
Тұрмайды байғұс көздеуде,
Қанаты, қолы қысқа қаз.
Көргендей сосын күндесін,
Аямайды аққу жатса олар.
Құдайдың жоғын білгесін
Құранды қайтсін, пәтшағар.
Қанатын еркін жая алмай,
Қалды ма бәрі майып боп,
Барады мынау маңайдан
Солардың үні ғайып боп...





Пікір жазу