22.06.2022
  140


Автор: Сағи Жиенбаев

ТАРАС ҚАЗҒАН ТАС ҚҰДЫҚ

Жазда қырдың басында
Жайқалмайтын гүл шығып.
Көк теңіздің қасында
Көктемейтін бір шыбық.
Аптап соғып тұратын,
Ақ тақыр қып даланы.
Жайнасын деп, ұлы ақын
Бір шыбықты қадады.
Талым шөлдемесін деп,
Тас құдықты қазады.
Ақын ата сосын кеп,
Жырды төгіп жазады.
...Жайқалды оның шыбығы,
Айналасы ну орман.
Жатыр әлі құдығы,
Тал шыбығын суарған.
Қанып әбден құмары,
Әнші құстар жүр ұшып.
Бүкіл орман тұрады
Сол құдықтан су ішіп.





Пікір жазу