22.06.2022
92
КҮН БАТАРДА
Асты күн сонау асудан,
Беткейде самал салқындап,
Талдардың ұшар басында
Соңғы бір сәуле жалтылдап.
Ақырын мүлги бастады,
Аласа таулар бүк түсіп,
Түксиіп жақпар тастары,
Бауырына бозғыл бұлт қысып.
Келеді баяу түн жүріп,
Көз тұтып, күңгірт қойнаумен.
Сытылды шетке қыз-жігіт,
Сан түрлі сиқыр ойлармен.
Кеткені қашан күннің де
Сапарын түгел аяқтап.
Манағы балғын күйінде–
Эльбрус шыңы әлі аппақ.
Алтын күн бойда бар лебін
Аямай соған төккендей,
Ол үшін біраз сәулені
Әдейі тастап кеткендей.
Сүйсініп шыңның әріне
Тұрдым да біраз толғанып,
Өзімнің күйкі халіме,
Кеттім-ау іштей қорланып..