22.06.2022
289
МЕН ІЗДЕГЕН БАҚ ҚҰСЫ
Мен іздеген бақ құсы,
Жүрегімде өзімнің.
Келмейді оның жатқысы,
Тірісінде көзімнің.
Жүреді ол көгімде,
Мен ұйықтаған кезімде.
Ол даланың желінде,
Күннің нұрлы көзінде.
Әуел баста-ақ оны мен
Іздеппін ғой бекерге.
Жүр екен ғой менімен
Туып-өскен мекенде...
Ұясынан шығып ап,
Ұшады бір құс күнде.
Жүреді ылғи зымырап
Туған жердің үстінде.
Жанымның жас бұлбұлын
Қарауылға ілмеңдер.
Құс екен деп, бір күні
Атып қойып жүрмеңдер.