22.06.2022
162
ШЫҒЫС ҚЫЗЫ
Көк сағымның ішінде өскен елік пе ең,
Ел көзінен қымсынасың неліктен?!
Өтпеймісің, кең дүниені шайқалтып,
Тал бойыңа тағдыр берген көрікпен.
Жер-дүние жасарардай бір күлсең,
Шыдар ма еді,
Жалыныңмен күйдірсең?...
Көк аспанды елжіретер алау от,
Көк шәліге қалай ғана сыйдың сен?!
Келе жаттың, шәйі орамал тартып ап,
Иығыңда күміс сәуле жарқырап...
Мен алдыңнан кесіп өтіп кеткенше,
Көз ұшында тұрдың-ау сен қалтырап.
Арумысың,
Аппақ қана гүлмісің,
Әлде бізді жебеп жүрген пірмісің,
Ер жігітті дәл осылай қастерлеп,
Қасиетіңді сақтап қалып жүрмісің?!