22.06.2022
118
Өмір бойы өлексені жеп жүріп...
Өмір бойы өлексені жеп жүріп...
Қара қарға көп жасайды, дейді – жұрт,
Не сыры бар? –
Деп сұрадым бір қарттан
– Рас, – деді,
Миығынан ол күліп.
– Бұл пақырдың тіршілігі құрысын,
Жазған тағдыр –
Жемтік қылып ырысын.
Құла дүзде бір мақұлық мерт болса,
Жер түбінен сезеді оның иісін.
Қауқылдасып,
Қарға біткен аш-арық,
Соған қарай жөңкіледі жасы ағып,
Жемтігінің шұқыса егер бір көзін
Бір он жылға –
Кетеді ол жасарып...