22.06.2022
  117


Автор: Сағи Жиенбаев

Көктемде –

Көктемде –
Құрғап беткейлер,
Құлпырған кезде көк жайнап.
Мұнда да –
Егін еккендей
Тастайды жыртып, жерді айдап.
Түскен жоқ оған түрен құр,
Шекара –
Туған жер шегі.
Осынау біздің ұлы елдің
Қасиетті құйттай бөлшегі.
Жатса да елдің шетінде
Тұрады байқап бар аймақ...
Жыртылған жердің бетінде
Жүреді жел де абайлап...





Пікір жазу