22.06.2022
  154


Автор: Сағи Жиенбаев

БІЛСЕМ-АУ

Алғашқы нұрдың ынтығып,
Қай жерге тұңғыш барғанын,
Алғашқы гүлдің құлпырып,
Қай жерде бүршік жарғанын.
Білсем-ау, өзім егер де,
Айтсам-ау, жұртқа жар салып.
Жер беті түгел елеңдеп,
Жүрер еді-ау, тамсанып..





Пікір жазу