22.06.2022
  135


Автор: Сағи Жиенбаев

ЖАҢБЫРДЫҢ БҰЛТЫ КЕЛГЕНДЕ

Оңаша оймен алысып,
Отырам сыртқа елеңдеп.
Бірімен-бірі жарысып,
Келеді бұлттар төмендеп.
Тұрмайды менен именіп,
Будақтап бастан асады.
Жабыла бәрі үйге еніп,
Жырларымды алып қашады.
Мейлі ғой,
бұлт болып барғанмен,
Далама мөлдір нұр себер.
Жырларым менің
арман не,
Жаңбырдай жауып тұрса егер.





Пікір жазу