22.06.2022
1554
ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ
Ол екеуі
ажырамайды екі елі,
Екеуіне бір-ақ орын жетеді.
Екеуі де бір-ақ жолмен оралып,
Екеуі де бір-ақ жолмен кетеді.
Екеуінің барар жері–бір көше,
Қайда барсын, басқа жерді білмесе,
Тұра алмайды – екеуі бір тұрмаса,
Жүре алмайды–екеуі бір жүрмесе.
Жазатайым шалыс басып кетеді деп,
Жүреді ылғи бірін-бірі жетектеп.
Өзгелерден сұрамайды көмек те,
Өз әліміз өзімізге жетеді деп.
Сүрінем деп ойламайды бүлдіршін,
Тек әжесі қасында оның бір жүрсін.
Әжесі оған жығылмайтын Алатау,
Әжесіне құламайтын–бұл бір шың...