22.06.2022
107
АРҒЫМАҚ
Әзер-ақ жүр ме ең, жазған-ай,
Асау жел ойнап жас қанда.
Жарқ етіп қара найзағай,
Атылды-ау кенет аспанға.
Тоздырып жердің аяңы,
Жеттің бе бұған сағынып,
Тұяқпен сілкіп ауаны,
Тозаңнан бойың арылып.
Ұштың-ау бір сәт,
қайырылмай
Жердегі шәушік-шөгенге,
Қара жал –
қара жаңбырдай
Жалтылдап жұмыр денеңде.
Беткейде тұрған үймелеп,
Пенделер көзге сенбестей,–
Ұштың-ау, жалғыз
дүниеге
Енді бір қайтып келместей...