22.06.2022
391
Ұшып келем,...
Ұшып келем,
Ұшып келем көгімде,
Ұшып келем
Мөлдір аспан төрінде.
Көкте жүріп қызығамын
Жердегі –
Сонау, сонау
Өзім ұшқан өңірге.
Анау менің
Асу-асу белдерім,
Асқаралы тауларым мен
Көлдерім,
Мен жерімнен
Қанша биік ұшсам да,
Көз алдымда
Келе жатыр ол менің.
Туған жердің–
Құдіретті күшімен
Жаңа ғана
жаңа ғана ұшып ем,
Қазір міне
Келемін мен зымырап,
Аппақ-аппақ
Жұлдыздардың ішімен.
Осы бір сәт
Жарқырайды жанар да
Жұлдыз болып
Көрінемін ғаламға.
Жердегі адам,
Жерде жанған алау от
Жұлдыз болып
Көрінеді маған да!