meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  22.06.2022
  172


Автор: Сағи Жиенбаев

ҰНАТАМ

Мен бәріңмен бауырмын –
Көктем, гүліңді ұнатам.
Ал, ашулы дауылым,
Өктемдігіңді ұнатам.
Қозғалмайсың, шынарым,
Байсалдығыңды ұнатам.
Қия кезген қыраным,
Қайсарлығыңды ұнатам.
Асу бермес тауларым,
Биіктігіңді ұнатам.
Қиялым мен арманым,
Жүйріктігіңді ұнатам.
Теңіз, буырқанасың,
Өрлігіңді ұнатам.
Дала, дала, даласың,
Кеңдігіңді ұнатам!





Пікір жазу