22.06.2022
143

БҰЛТТАР
Барады бұлттар баяу биікке ұшып,
Бетінен жапырақтардың сүйіп-құшып.
Толқындар төмен қарай жөңкіледі
Шыға алмай арнасынан күйіп-пісіп.
Бір кезде соғады жел беткейге үрлеп,
Бұлттарды қумақ болып өрттей гулеп.
Жартастың құшағына кіреді бұлт –
«Бәрібір мен тауымнан кетпеймін!» – деп.