22.06.2022
146
ҚАРАҚАЛПАҚ ЖЕРІНДЕ
Қанатым болды ақ тұйғын,
Қалықтап келем көкте мен.
Арындап ұшқан аққудың
Алдына түссем деп келем.
Аспанда шырқап келемін,
Асулар жатыр алдымда...
Айтулы мықтым сен едің,
Ақша бұлт, артта қалдың ба?
Желкелеп қудым құсыңды,
Жете алмай қалды жел маған.
Көрейін, дауыл, күшіңді,
Кәнеки өзің ер маған!..
Тұратын еді-ау жұлдыздар,
Жұлдыздар ғана үстіңде.
Асқақтап едің, шың құздар,
Астыма, бәлем, түстің бе?