20.06.2022
  214


Автор: Камал Әлпейісова

ШОЛПАН – ЖҰЛДЫЗЫ БИІК ӨНЕРПАЗ

 


 


Астанада тағы бір әдемі өнер кеші өтті. Бұл – өнер сүйер қауымға, әсіресе халықтық музыкаға құмар тыңдарманға аты белгілі, домбы- рашы, қобызшы, сазгер әрі Президенттік мәдени орталықтың халық аспаптары ансамблінің жетекшісі Шолпан Қорғанбекованың авторлық кеші болатын.


Әдетте мұндай аспаптық, оркестрлік музыка ұсынылатын кештер- ге фонограммамен айтылатын әндерден, азан-қазан музыкадан шар- шап, жалыққан жұртшылық келеді. Саз аспаптарының табиғи үнін, әншілердің таза дауысын есту үшін. Тұла бойыңды шымырлатып, бүкіл еркіңді билейтін құдіретті музыкамен қауышу үшін. Және өнер аспанындағы бір жұлдыздың жанғанына куә болу үшін.


Кеш өткізіп отырған өнерпазды мен бантик таққан бала кезінде көрген едім. Жас домбырашылар конкурсына қатысып, жүлдемен оралған Арқалық музыка мектебінің оқушысы Шолпан Қорғанбекованы бір үлкен жиында ел алдына шығарып, сол кездің салты бойынша мақтау қағазы тапсырылғанда залда көппен бірге қуана қол шапалақтап отырғанмын. Арада ширек ғасырға жуық уақыт өткенде екеуміз Аста- нада кездесіп, таныстық. Шолпан сол бала кезінде таңдаған жолынан таймапты, қайта сол өнерін ұштап, жетілдіре түсіпті. Қол жеткізген табыстары да баршылық екен. Бүгінгі кешті де сол табыстарының қатарында атауға болады.


Шолпанның анасы Айсұлу «Адамды қанаттандыратын да, жермен жексенететіндебірауызсөзекендігінеосықызымның шығармашылығы тәжірибесінде көзім жетіп келеді» дейді. Олай деуінің мәні бар.


 


Осыдан үш-төрт жыл бұрын Астана тұрғындарының назарына халық ақыны Қ.Әбілдің ұйымдастыруымен «Торғай таланттары» атты үлкен концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерт соңында сахнаға Әбіш Кекілбай көтеріліп, опера және балет театрының залын ине шан- шар жер қалдырмай толтырған халыққа арнап сөз сөйлеп еді. Кемеңгер жазушының көмейінен төгілген, делебеңді қоздырар ақпа-төкпе жырға бергісіз сол бір тебіреністі сөз жиналғандардың жадында өшпестей бо- лып сақталып қалған шығар-ақ.


Әдетінше тарих тереңінен сыр суыртпақтап, дала өлкесінің өмірі мен өнеріне қатысты еліттіре, қызықтыра сөз бастаған дана жазушы, келесі бір айналымда қазақ өнеріне киелі Торғай өңірінен қосылған арғы-бергі өнерпаздарды тізбектей айтып, жұртшылықты таң қалдырған.


«Торғайдан шыққан өнерпаз қыздарымыз – әнші Ғазизаның, күйші Анардың өнерлерін жақсы білуші едім. Бүгінгі кеште әрі домбыра тартып, әрі бас қобызда ойнап, оркестрге дирижерлық жасаған мына Шолпандай қызымызды көріп қуанып тұрмын» деп еді Әбекең. Жазушының әр сөзін қалт жібермей, ынта-ықыласымен тыңдаған зал толы халық дуа- лы ауыздан шыққан жүрекжарды лебізге дүрілдете қол соққан.


Міне, содан кейін-ақ Шолпан шығармашылығында жаңа бір кезең басталды дейді анасы. «Бірнеше күн ұшып жүргендей болдым» дейді Шолпанның өзі. Сосын бұрын жүрексініп, батылы бармай жүрген Құрманғазының сирек орындалатын «Арба соққан» күйін, халық күйі


«Көрұғлын» өңдеп, ансамбльге түсіреді. Өмірден ерте кеткен әкесі Ділдәбекке деген сағынышын қобыздың мұңды, өксікті үніне салып, оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Әуен» деген шығармасын, одан кейін «Балалық шақ – бал дәурен» сюитасын жазады.


Әрбір шығармашыл тұлғаның өз бойындағы дарыны мен қабілетін сүйсіне жүзеге асыратын саласы болады. Өзінің де екі бүлдіршіні болғандықтан шығар Ш.Қорғанбекова балаларға арналған шығармаларды жан-тәнімен, жеңіл әрі беріле жазады. Оның оркес- трге арнап жазылған «Сәби қуанышы» шығармасының бастапқы әуені кішкентай Жәнібегі сықылықтай күліп, су бұрқақты айнала жүгіріп жүргенін, күн сәулесімен мың құбылған тамшыларды таңырқай тамашалағанын көргенде, осынша мол әсерден қуанышы қойнына сыймай, әкесі мен шешесінің мойнына кезек-кезек арсалаңдай асылған кезде туған.


Шығармамен алғаш танысқандардың бірі Қазақ ұлттық музы- ка академиясы ұлт-аспаптар үлкен оркестрінің дирижеры доцент


 


Қарасай Сайжанов: «Шолпан, сенің шығармаларың балалардың жан- дүниесін жақсы бейнелейді. Бала жанындай таза, көңілді, әрі ойнақы. Сен балаларға арналған шығарма жазуға ден қоюың керек» деп еді. Ал шығарманың тұсауын кескен осы академияның шағын оркестрінің дирижері Марал Мырзағұлова оны өз репертуарына кіргізіп, үнемі орындап жүр.


Тыңдарман қандай да бір шығарманы өзіне қалай әсер еткеніне қарай субъективтік тұрғыдан қабылдайды. Сондықтан да сазгер үшін оның шығармашылығына кәсіби маманның, белгілі бір сала білгірлерінің берген бағасының мәні зор. Ш.Қорғанбекованы да өз шығармаларына Тәттімбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Дүйсен Үкібайдың: «Соңғы кезде балаларға арнап жазылатын әндер сиреп кетіп еді. Балалардың әсершіл жанына, әуенді қабылдауына лайық жазылған Шолпан әндері осы салаға қосылған қомақты үлес» деген бағасы қанаттандыра түскен. Оның бірнеше әнін 2006 жылғы «Үздік мұғалім» конкурсының бас жүлдегері Гүлмира Жангелдіқызы жетекшілік ететін республикаға аты танымал «Айналайын» вокалдық тобы орындап жүр.


Шолпан Қорғанбекованың шығармашылығы үшін 2005 жыл өте табысты болды. «Шабыт» халықаралық фестивалінде ол жетекшілік ететін Президенттік мәдениет орталығының ансамблі топ жарса, Башқұртстан Республикасында өткен тағы бір халықаралық өнер бәсекесі – Халық шығармашылығы фестивалінде Шолпанның өзі ди- пломант атанды.


Жетістіктер, жеңістер легі келер жылы да жалғасты. Ол жетекшілік ететін Астана қаласындағы № 4 музыка мектебінің халық аспаптар оркестрі жас музыканттардың республикалық конкурсында бірінші орынды жеңіп алды. Сазгерлік шығармашылығының нәтижесіндей бо- лып жеке өзінің «Әуен» партитуралар жинағы, Қарасай Сайжановпен бірлесіп жазған «Батыр баба» партитуралар жинағы бірінен кейін бірі жарық көрді. Ал ең қуаныштысы осы жолы Шолпанның ұзақ жылдар бойғы ұстаздық еңбегіне назар аударылып, ол жоғары педагогикалық шеберлігі үшін Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен мара- патталды.


Ұстаздық – Шолпан өмірінің ажырағысыз бөлшегі. Еңбек жо- лын Арқалық қаласындағы музыка училищесінде бастаған ол Аста- нада да ұстаздық етіп, өнерпаз мамандар дайындауға үлес қосты. Сырт қарағанда өзі де жас музыканттың бүгінде республикалық,


 


халықаралық конкурстардың лауреаттары, дипломанттары атақтарын жеңіп алған талантты шәкірттері аз емес. Оның «менің балала- рым» деп отырғанын есту сырт қарағанда қызық та көрінеді. Бірақ, бүлдіршіндердің қолдарына домбыра мен бас қобызды (виоленчель) алғаш ұстатып, сәби саусақтарды иліктіріп, перне бойлап жүгіртуге үйреткен, әуенді жүрекпен қабылдап, жүрекпен ойнай білуге баулыған ұстаздың оларды өз балаларындай көруі түсінікті.


«Арқалық музыка мектебінде оқытқан екі шәкіртім Магнитогорск мемлекеттік консерваториясын бітірді, біреуі магистратурада оқып жүр, – дейді Шолпан мақтанышпен. – Өзіміздің консерваторияны бітіріп, үлкен оркестр, ансамбльдерде ойнап жүрген балаларым да бар.»


Қазір өзі қызмет ететін Президенттік мәдениет орталығының ансамбліне ол 2003 жылы қатардағы орындаушы болып келген. Шолпанның бас қобызда ғана емес, домбырада, шертерде, баянда кәсіби деңгейде ойнайтынын, партитура жаза алатынын, оның үстіне ұжымға ұйытқы бола алатын қабілетін байқаған басшылар төрт айдан кейін ан- самбль жетекшілігіне тағайындаған. Содан бері бұл ұжым өсу, өрлеу үстінде. Бала кезінен өзіне тапсырылған іске асқан жауапкершілікпен қарайтын Шолпан үшін басты парыз – сенімді ақтау еді. Тілеулес, тәжірибелі жандармен ақылдаса жүріп, ансамбльдің репертуарын жаса- ды. Орындайтын шығармалардың партитураларын өзі жазып, екі түрлі концерттік костюм тіктіртті. Бүгінде бұл республикалық деңгейдегі жарыстарға еш қымсынбай қоса алатын ансамбль екенін ешкім жоққа шығара алмайды. «Ансамбльде 3-4 студент бала бар, өздері сондай та- лантты, нағыз құйма құлақ орындаушылар. Ертең біздердің орнымыз- ды солар басады ғой деп тәрбиелеп жүрмін. Оның үстіне студенттердің жағдайын білесіз ғой, бір стипендия жолақыларынан артылмайды. Сондықтан еңбек ететін ұжымдары жанашырлық танытып, қолдамаса мүлде қиналып қалар еді» – дейді Шолпан.


Менің назарымды оның өз ұжымының әр мүшесін ерекше қадірлеп, әрқайсысының қабілетін мақтап айтып отыратыны, олардың шығармашылығын насихаттап жүретіні бірден аудартты. Кейінірек оның сөзі мен ісінің арасында алшақтық жоқ адам екеніндігіне көзім жетті: ұжымын тек сөзбен емес, іс жүзінде қолдап жүретінін көріп, риза болдым. Шолпан ансамбль мүшелері Дулат Әбілдиновтың «Су тасушы» күйін, Анар Әбеуованың флейтаға арналған шығармасын ан- самбльде орындау үшін өңдеп, концерттік бағдарламаға қостырыпты. Бұл – өнер саласында жүрген әріптестердің бір-бірін қолдауының әдемі көрінісі емес пе?!


 


Бірде Шолпанды маған бұған дейін беймәлім жұмысты орындауы үстінде көрдім. Үстел үстінде нота жазуға арналған дәптер, қолында қарындаш, алдында диктофон. Диктофонды қосады да, әлдебір ария- ны тыңдай отырып, алдындағы дәптерге ноқатты таяқшаларды (нота белгілерін) лыпылдата түсіре бастайды. Мен келгелі біршама уақыт өтті, мұрнынан шаншылып жазып отыр, жазып отыр. Ауық-ауық дик- тофон таспасын кері айналдырып, қайта тыңдайды да, әлгі жазғандарын мұғалімнің шәкірт диктантын тексергендей тексереді. Осылайша ондаған бет қағазды толтырған соң барып, «уһ!» деп орнынан тұрды.


«Не істеп жатырсың? – деп қызыға сұрадым мен. – Тіпті бас көтеруге мұршаң жоқ қой. Соншалықты тығыз жұмыс па?»


«Тығыз болғанда қандай! – деді ол шаршаңқы үнмен. – Таяу- да бір ерекше туынды сахнаға шығарылмақ болып, соның соңғы дайындықтары өткізілуде. Рольдерді орындайтын әншілер келіп қойды, ал партитуралар әлі келмей жатыр. Амал жоқ, диктофоннан тыңдап, нотасын жазып отырмын.»


Магнитофон таспасының ортасына енді жеткенін көріп, оны аяп кеттім. Кедергі жасамайын деп, кетуге ыңғайландым. «Үлгіресің бе?» дедім бар болғаны. «Үлгіру керек. Үлгіремін. Ансамбльдегі Жанар мен Шынар Шыңғысбаевалар, Ербол Жұмабеков көмектесетін болды. Әлі олардың түсіріп әкелгенін бір тексеріп шығуым керек.»


Арада біраз уақыт өткен соң, Астананың мәдени өмірінде елеулі жаңалық болды – ел тәуелсіздігінің он бес жылдығына орай елорданың талғампаз көрермені «Ұлбике» қойылымын тамашалап, тың, көркем, қуатты туындыны сахналаған әртістер өнеріне қуана қол соқты. Қойылым соңында авторы, композиторы, қоюшы режиссері қатарында ел алдына шықпаса да, осы туындының қойылуында ерек- ше еңбегі бар екенін білетін мен Шолпанның қабілеті, қажырлылығы, қарапайымдылығы үшін залда қол шапалақтап отырдым.


Оның шығармашылық кеші әу бастан өзі талап еткендей даңғазасыз, қарапайым өтті. Қарапайым деген – әсерсіз дегенді білдірмейді. Басы артық лепірме сөзден гөрі музыкаға көбірек көңіл бөлінген, адамдардың рухани сұранысын қанағаттандыруды мақсат еткен, бағдарлама құруда да автордың әртүрлі бағытта жазған туындылары қамтылуына ден қойылған, ең бастысы тыңдарман ләззат алып, мәдениет ошағынан ма- саттанып тараған әдемі концерт болды.


 


2010 ж.


 





Пікір жазу