20.06.2022
134

Толқынды өмір білемін
Толқынды өмір білемін
Ырқыңды алған,
Тосып жүрдің еріксіз бір күнді алдан.
Жолықпадың
Бәрібір меніменен,
Кештеу ұқтың, дүние –
Шіркін – жалған.
Жаның сыздап жыладың теперіштен,
Мұңға батып қажыдың
Бекер іштен.
Аттай алмай сезімнен
Мәңгі кеттің,
Мен де ақымақ болыппын
Е-е, періштем.
Өтті уақыт, жыл жылжып,
Арада алшақ,
Бұл өмірге
Ой көзбен қараған шақ.
Ғашық едің сен маған,
Ескермедім,
Енді өзіңді қу көңіл барады аңсап.
Кешіргейсің, алдыңда
Аласарсақ,
Жүрегіңе беймезгіл жара салсақ.