20.06.2022
102
Жасырынып шарбы бұлтқа
Жасырынып шарбы бұлтқа
Ай-сылаң,
Бұғынады.
Ұялды екен қайсыдан?
Көкірегін көк жүзінің көк шулан,
Серуендеп..,
...Сезім қанат жайса лаң.
Быжынаған ал жұлдызы
Аспанның,
Сыбдыр-сыбдыр
Жапырағы жас талдың.
Тынбай, танбай шырылдайды шілделік,
Қарап тұрып у шапаққа мастандым.
Маңдайымнан аймалайды самалы,
Көңілімді қобалжытты
Шамалы.
Жүрегімнің шүпілдеген шеріне,
Көктен жұлдыз шолп-шолп етіп,
Тамады.
Әп сәтінде-ақ,
Күйге түстім шырғалаң,
Құшағына тартты әкетіп,
Бір ғалам.
Шілде түні шымырлатып жүйкені,
Ай-сәулімім ақыл-есті
Ұрлаған.
Онша қашық емес екен Жерден Күн,
Тәңірілік сұлулықты көрген кім?
Ай-арумен ақ ұлпаға құладым,
...Есім жидым иісінен ерменнің.