20.06.2022
234
Қара кер ат астымда жайтаңдаған....
Қара кер ат астымда жайтаңдаған,
Нөпір халық сұқ қадап, «пай-пайлаған».
Делебемді қоздыртты дақбырт, мадақ,
Жазық болып көрінді қайқаң маған.
Жолдар қалды соңымда шиырланған,
Астым талай асудан, қиырлардан.
Тежемедім тізгінді, қоя бердім,
Көкейіме қиядан құйылды арман.
Көңіл өсті, өзім де шаттанғанмын,
Кенет, келіп жабысты қапталдан мұң.
Ермен қоса топ еттім қара жерге,
Мерт болмадым, жазымнан шақ қалғанмын.
Кісінеді қара кер кесек үнмен,
Атып тұрдым шыдамай төсегімнен!
...Түстің өзі осынша қобалжытты,
Сақтағайсың о Тәңір,
Кеселіңнен.