20.06.2022
  111


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Дәния мен Сәния, қарағым-ай...

Дәния мен Сәния, қарағым-ай,
Қу көңілім сендерді табады ұдай.
Сағынамын еріксіз сағынамын,
Жүрермін де мен бәлкім баяғыдай.
Сағынышты қалайша еңсеремін?
Түспесінші бір сәтке еңселерің.
Сендерсіңдер бауыры ақ қос қарлығаш,
Жоғалмасын, үмітің – ең сенерің.
Дегеніңе бұл тірлік көнсе көрім.
Қарындасым қос бірдей, шұғынығым,
Өмір-күздің баспасын шығы бүгін.
Келіпсіңдер екеуің, қос қанатым,
Жарқын-жарқын жатыр ғой шығып үнім.
Шипа болар жаныма жылылығың.
Қуаттандым, содан соң жабықпадым,
Құлан таза баяғы қалыптамын.
Қос бұлағым бітеліп, сарқылмаңдар,
Мөп-мөлдір боп жетіңдер халыққа мың.
Адалдықтың әлемге таныт мәнін.
Тасы, тасы!
Кергіле кемеріңді,
Ақпай жатып суалып, не көрінді?
Болыңдаршы бақытты, қос көгілдір,
Білмей тұрмын басқадай не дерімді?..





Пікір жазу