20.06.2022
112
Үздігеді
Үздігеді
Ішіп-жеп ындынымен,
Ұлыр кеуде
Ұңғылы-шұңғылымен...
Қаталады су емес
Махаббаттан,
Кім тыңдасын... алғысыз құлды кілең.
Басқарманың бишігі
«Ысылдайды»,
Сүйген жүрек одан да қысылмайды.
Құл мен күңдер шатысар,
Жанарымен,
Қу тағдыры бір сыйын ұсынбайды.
Шынжырына шалынар шалдыққанда,
Ұсқыны – адам,
Пендеге «мал» ғыпты алла.
Байлық деген сананы бұйдалайды,
Бұл өмірден әлгілер
Мәнді ұққан ба?
Әумесерлер әулігіп,
Алшаңдаған,
Қулық сауып,
Алдына жан салмаған.
Селт еткізбес хал-күйі құл мен күңнің,
Ғашықтар жүр шынжырмен,
Тамсан, Ғалам!
Үздігеді
Ішіп-жеп,
Ынтығады,
Жанарына жабысып,
Мұң тынады.
...Көңілімнің шеше алмай құлпын әлі,
Асау жүрек мендегі бұлқынады.
Бұлқынады...
Бұйдаға қылқынады.