20.06.2022
  111


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Тимеген-ау есіл бақтан жұрқанақ…

Тимеген-ау есіл бақтан жұрқанақ…
Құрым базар,
Қайшалысқан жұрт абат.
Қара суды сатты біреу,
Тым жұтаң:
Тіленші жүр.
Айдап шыққан бір тамақ.
Бірақ қолын жаймады әлгі мұқымға,
Білді онысын –
Таңба болар тұқымға.
Бір бұрышта домбырасын сабалап,
Термелерді төгілтеді,
Шытынба!
Сүрлеуімен «қақалады» Нартайдың,
«Дүние-ауүй… Қуат кеміп, қартайдым.
Бала кетті бетіменен, қатын жоқ,
Зағип жанмын, көкіректе бар қайғым».
Мән бермеді нөпір халық шұбаған,
Тұру қайда тыңдап мұнда
Шыдап ән.
Алдындағы жаймасына тастадым,
Үш теңгелік садақаны,
«Сыбағаң…»
Тұрған жоқ қой менің де алдым жарқырап,
Қала берді
Әлгі сақал барқырап.
Жарар еді күні бойы тапқанын,
Бір қансоққыр әкетпесе
Тартып ап.





Пікір жазу