20.06.2022
107
Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып...
Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып,
Шығып алып, мінбеден айқайладық.
Кеңселерде кербезсіп, кейкиеміз,
Көшелерде көк тіреп, қайқаңдадық.
Көңіл-күйді тастайды қала қамап,
Сыймай жүрдік әуелі далаға абат.
Тойға барсаң құтты төр өзіңдікі,
Көкпар тартсаң – астыңда қалаған ат.
Еркеледің әйтеуір мансабыңмен,
Құрмет көрдің…
Білмеймін қанша,
Кімнен?
Ызы-қию шулатып, көп машина,
Салып жүрсің сайранды сал шағыңмен.