ҚАЛТА
Елтіріден кісі өліп,
Даңғазамыз,
Түннен әйтеу іздейміз таңға маңыз.
Инвесторлар сөйлесе мадиықсып,
Үміт артып тағы да...
Алданамыз.
Кеңес «дәурен» келмеске
Өткен, кеткен,
Түсті заман күттірген көптен,
Көктен.
Капиталист қолға алды қос тізгінді,
Ұнатпаса қағады
Өктем беттен.
Кіріптарлық сананы
Отарлады,
Кедейге де «мүсіркеп» шот арнады.
Жұмысшы тап сілкініп,
Дзот жапқан,
Кеудесімен тоқтатты
Отарбаны.
Ағылшындар долларын пұлдай алар,
Қазақстан несие тынбай алар.
Траншпен әр қилы валюта ағып,
Немереміз
Құтылмас құн байланар.
Табиғаттың байлығы –
Тынбай ма олар,
Шөбереміз сұраусыз құлға айналар.
Қалта толып көрмеген
Ақшаға әсте –
О бір бәле,
Белгісіз кім бай болар?
Бар дәулетті беліне кім байланар?
Атан жілік кісілер
Аңырады,
Жаратқанның пейілі тарынады.
Алақанға түкірген әлдекімнің,
Тиіп жүр ме жұртыма бар ылаңы?
Халық отыр қарайып,
Қандарына,
Өзін қорғар сенбейді заң барына.
...Қоғам кетіп барады қыза бөртіп,
«Ұрлық қалта» тігіп ап шалбарына.