20.06.2022
183

Қазақ – Атам...
Қазақ – Атам,
Сенің қаның мендегі,
Тарих маған талай теңін
Теңледі.
Орыс кірді,
Отаныма қол салып,
Маңғол кірді,
Ешқайсысы жеңбеді.
Көшпенділер –
Тәңірінің тұтамы,
Керегенің көгін кие тұтады.
Қазақ! Қазақ!
Қашаннан да сол Қазақ –
Әлем деген қара ағаштың бұтағы.
Ұлы жіңгір жаһан жатты
Жосылып,
Қалың Қыпшақ қаптай өрді
Қосы – құт.
Күллі кінәз басын иді Далаға,
Қаһарынан қаймананың
Шошынып.
...Қайран жұртым,
Қабырғаңа батты аяз,
Бұ жалғанда бақ-дәулетің тап-таяз.
Өтермісің тіліңді сол таппай-ақ,
Құдай берген
Ырыздықтан татпай аз.
Түзелмейді,
Бір қайтқан соң меселдең,
Халық едің ұраны көп,
Неше өлген.
...Айқай-сүрең басылмайтын
Ақмолам,
Жалғыз өзім кетіп барам,
Көшеңмен.