20.06.2022
116
Төгіліп, алтын шапақ Шартараптан,
Төгіліп, алтын шапақ Шартараптан,
Жоғалды ізім-ғайым қар танаптан.
Мейірім – махаббатты,
Идіріп күн,
Қатыгез қара жерге
Арқалатқан.
Шарбы бұлт қол шапаттап жөңкіледі,
Бу шашып бықсық бойдан, көң түледі.
Шоңқиып сар бәйбіше рахаттанды,
Сол көңге аяғын сап, көлкімелі.
Сар түйе күйіске енген шөгерілген,
Көк езу болып апты
Көк өрімнен.
Ілінген көк төсіне бір тал ноқат –
Бозторғай шырылдайды шебер үнмен.
Кеудесі қоңыр дөңнің балбыраған,
Бойында бере салып барды маған.
Мүлгиді, ат үстінде қойшы байқұс,
Бишігі тақымында салбыраған.
Төгіліп, Алтын шапақ шартараптан,
Жоғалды ізім-ғайым қар танаптан.
Мейірім – махаббатты
Идіріп күн,
Бір уақ бәрімізге
Арқалатқан.