20.06.2022
98
Мұнар сені көтереді көкке іліп...
Мұнар сені көтереді көкке іліп,
...Бөрі отырды бір жотада
Көкке ұлып.
Мына аязда ақтүтекті айдаған,
Несібесі таусылыпты – тоқтылық.
Тышқаннан да жұтаған-ау тобылғың,
Қысқалығы байқалады қолыңның.
Барақы иттің бағы зор-ау, ықта бір,
Сирағын жеп,
Жатқан шығар соғымның.
Тышқаншылап, күн кешетін күн бүгін,
Ұғынбайсың, қанап жатыр кімді кім?
Байқағанға елес кезіп жүр анық,
Қаңғалақтап, Азияның кіндігін.
Боран айдап, көкжал үнін жұтады,
Аяз қысып, сынды ағаштың бұтағы.
Бұрқ-сарқ еткен бағынбайтын дүлей күш,
Ойпаңдарды күртік қармен сықады.
Қашқан кезі қоғамымнан
Қоң, жайдың,
Әлі біраз боран ұлыр – болжаймын.
Қарыны ашса өзегіңді суырар,
Көк бөрідей, көкке қарап қол жайдым.