20.06.2022
130
Талдықұдық болды да
Талдықұдық болды да
Тал бесігің,
Өміріңнің сен аштың мәнді есігін.
Шұнақ құла ат – бастауы жігіттіктің,
Тарттың ептеп баппенен сәнге шылым.
Бәйге ұстадың жараған кіндігінен,
Қалың көптің ортасын
Тілді кілең.
Желісінде байлаулы құлын-ғұмыр,
Қараша үйдің күн түсті түндігінен.
Қос тентегің ойнап жүр
Құлдыраңдап,
Қуалайды дамылсыз
Қырды қаңбақ.
Айтан отыр іргеде қыл шүйкелеп,
Жирен атқа еспек боп шылбыр арнап.
Маралқасқа
Есінеп, тартады ішін,
Көзің тойып, көркіне
Артады ісің.
Бақыттысың, Серікбай!
Бақ кетпесін,
Аты барда Азамат арқалы шын.
Қамысмола бөрлігіп,
Дүрлігеді,
Құйындатқан аттардың жүрді легі.
Маралқасқа көз тігіп,
Кісінеді,
...Бұл әуелден даланың тірлігі еді.