20.06.2022
122
«Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген»,
«Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген»,
Сөзі шығар
Бұ жұрттың дәсерлеген.
Кермек дәмін татқанмен қу тірліктің,
Болмашы бір
Келемін әсерменен.
Қуанышым, сол менің –
Болашағым,
Көріпкелдік көзбенен бал ашамын.
Жұбайымсың, Зере, сен –
Ақыреттік,
Түсірмеспін жаныңа нала шаңын.
Көрінеді көбіне
Көмескі ісім,
Жақсылықты жасырма,
Ел естісін.
Сен шынымен болашақ Ұлы Абайдың,
Қарқарадай әжесі
Емеспісің?..