20.06.2022
  88


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қарашада қалқиған жаппадайын....

Қарашада қалқиған жаппадайын,
Үмітімді адасқақ қақпалаймын.
Ер үстіне мінгенмен,
Бере алмаспын,
Апай төсті
Арғымақ атқа да айбын.
Қайтем енді тапалған жермешелмін,
Табасында қалдым ғой кер, кеселдің.
Қотиындау болмасам тым аңғарсыз,
Бір қылт еткен үмітке ермес едім.
Өмірімді сұрықсыз лекерледім,
Мені тағдыр биікке көтермедің.
Бұлдыраған сағымның қолын бұлғап,
Арасына сіңіп бір кетер ме едім?...
Әйтеуір сол тапжылтпай ноқталадың,
Болмас затқа алданып тоқталамын.
Сенің шырай көркіңді алғай көрем,
Жүрмейді ғой, қалқам-ау, жоққа амалым.
Үстем-үстем сөйлейді мұрты майлың,
Көнбей жатыр қайтейін ырқыма айдын.
Жүрегіме түседі батпан зұлмат,
Енесі өлген құлындай шырқыраймын...
...шырқыраймын.





Пікір жазу