20.06.2022
  83


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жер айналды күні үшін

Жер айналды күні үшін
Жаратқанның жанарын,
Ішті өзі үшін маскүнем қойнындағы
Арағын.
Мықты деген ағаңнан –
Тәйкүшіктік шықса егер,
«Білмедім, – деп, – ертерек» сен шытынба, қарағым.
Жалғыз соқпақ қашан да бұралаң ғой бұралаң,
Тау баяғы – салыңқы,
Жабыңқылау қыр аман.
Тантып кетті бейшара шадыр өре неме екен,
Көсем көріп көгіме, мен көтерген бір адам.
Тірі шалды сілкініп,
«Алжыған» деп боқтады,
Өлі шалдың кейпіне «данышпан» деп тоқтады.
Жүзі күйді жазғанның, сасай болды шапқылап,
Осы сөзін бәтірдің ар алдында соттады.
Салдақы бақ тірі жүр бұл өмірде тек күліп,
Талғамайды шәрмеңкең:
Бас та, жас та – «тектілік».
Қона салар бір күні көңілі ауса болмасқа,
Керек шығар шынында пендеге де
Ептілік.
Епті-ақ екен әлгі ағам,
Біреуге жүр жалданып,
Төркін жасап түркіні, «көкем» дейді ханды алып.
Екі – майдан, екі – жүз.
«Тоқсанда да бақ қонар,
Көк есекке мініп ап, жүре берем сандалып».





Пікір жазу