20.06.2022
  247


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Ала бұлт...

Ала бұлт...
Дауыл – дала – сапырылды,
Күркіреп, аспан шалың қақырынды.
Жанымның жапырағы дір-дір етіп,
Көкорай көңілдегі жапырылды.
Әп сәтте бұрқ-сарқ етіп шұрқан шықты,
Түйілсін, жаусын жауын –
Қыр қаңсыпты.
Тастүлей мен секілді лақпаланып,
Қуалап кетіп барад сұр қаншықты.
Қыңсылап ой жүректі тырмалады,
...Ашылмай қойды күннің бір қабағы.
Мына әлем – астаң-кестең,
Сені көрсем,
Сезімнің селкеулігі ұрланады.
Құшақтап сүйсем деймін шүпілдетіп,
Кеудемді қойдың, қалқам, лүпілдетіп.
Қалмасын маған деген ықыласың,
Кездейсоқ кедергіден, үкім, бекіп.
Ала бұлт...
Жалғыз өзім.
Бір Ай.
Ғалам,
Өзіңді жолықтырды Құдай маған.
Әуен жел дөдегемді ұрғылайды,
Лажсыз лауқиланып, шыр айналам.





Пікір жазу