20.06.2022
222
Қоянкөздерің қиылып маған...
Қоянкөздерің қиылып маған,
Дір етті жүрек секемшіл.
Ессіз сезімдер бұйығып қаған,
Есейіп кеттік, көкем, шіл.
Жөңкиді бұлттар санаға дық сап,
Әлдебір алау маздаған.
Өмірге мынау қанағат – ұқсақ,
Болуды бірге жазбаған.
Боркемік деме босаған мені,
Шынында сұрым сабалақ.
Бақыттың бәрі босағамда еді,
...Екі түп қурай жаман-ақ...