19.06.2022
  128


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жанарымнан жас ақты бұршақтаған...

Жанарымнан жас ақты бұршақтаған,
Жүрегімде шер қалың жыр сақтаған.
Қай жағада қаламын бордай тозып?
Берер емес қу тағдыр мұрсат маған.
Бүрі жоқ қой бедерлі табанымда,
Тұман ойдан бөлінді сана мыңға.
Сен де жүрсің құр іштей үгілумен,
Ызғары бар құсаның жамалыңда.
Таңға жақын жылайсың байғыздайын,
Көзің – нілді, бетіңде – айғыз дәйім.
Махаббатың – қасірет, мүжілесің,
Жеп бітеді түбінде әй, бізді уайым.
От түтетіп, бір кезде одақ құрдық,
Иба менен сезімді тонаттырдық.
Екеумізді жазбапты мәңгілікке,
Құйрығындай көкжалдың шолақ тірлік.





Пікір жазу