19.06.2022
109
Жабыңқылық көремін жамалыңнан....
Жабыңқылық көремін жамалыңнан,
Таусылдың ба мені іздеп табаныңнан.
Дірілдейсің қырдағы жауқазындай,
Сәл ертерек үзілер сабағынан.
...Аралап ек екеуміз қырман, бақты,
Ақтармаған сол күні сыр қалмапты.
Құшағыма тығылып отырып ең,
Білегіме шырайлым, сырғаң батты.
Бақытымыз сол күнгі бақиланды,
Аймаладым...
бұзбадық бата, иманды.
Кетерімде қимай сен жылап қалдың,
Ескерткішке бердің де сақинаңды.