19.06.2022
  89


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Еркеле, жаным, жарым...

Еркеле, жаным, жарым,
Сүйкімді қылығыңмен.
Білесің сарын барын,
Жалғасқан ұлы күнмен.
Ол біздің өмір айдын,
Болмашы мұнарланған.
Тым ерте жорымайын,
Бір бақыт шығар алдан.
Дәл қазір жадаумыз тым,
Қиындық қара-құрым.
Адалдық – жалау біздің,
Білдірген саралығын.
Еркеле, жасымағын,
Бақытты күйге енеміз.
Қонбасын басыңа мұң,
Қашанғы күйзелеміз.





Пікір жазу