19.06.2022
  112


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Көңілім де, көше де ала-көбең...

Көңілім де, көше де ала-көбең,
Жапа-жалғыз қалдым-ау қалада мен.
Қош айтысып, аттанып кете бардың,
«Дір-дір етіп, уыздай бала денең».
Жапа шектім, күй кештім әрі-сәрі,
«Мына тағдыр тым неге қарысады?
«Қош» деп кеткен шынымен бақытым ба?
Енді қашан қос жүрек табысады?»
Қарау ойлар...
Үмітім қидаланған.
Еріп барам бұзаудай бұйдаланған.
...Мембрана – сезімдер дыңылдайды,
Жүрегімнің үстінде миналанған.





Пікір жазу