19.06.2022
120
Жүзің сынық кейпіңді...
Жүзің сынық кейпіңді,
Көргім де жоқ, жан еркем.
Мұңмен қарсы ап кей түнді,
Күліп тұрдың таңертең.
Кездеріңді пұшайман,
Сездірмедің пендеге еш.
Көңілімнің құсы, айнам,
Өзіңде ғой, менде емес.
Жанымды шын баурадың,
Күміс күлкің елітті.
Сен жоқ жерде жаурадым,
Бақытым да кеміпті.
Келешекке сенемін,
Жаси берме, налыма.
Бақыт құсы – сен едің,
Қонған келіп қолыма.