19.06.2022
101
Дөкір тірлік жеткізбей дегеніме...
Дөкір тірлік жеткізбей дегеніме,
Байлап қойды қозыдай көгеніне.
Бұлқынамын, қайран жоқ, амал қанша,
Шырақ-үміт осылай сөнеді ме?
Ұйқы қашқан,
Көз ілмей таңға ұрамын,
Қиял жүйрік, әлемді қаңғырамын.
Жанға медеу боларлық дәнеңе жоқ,
Тыңдап жатам мұңлылау жаңбыр әнін.
«Мұңдасым да сол еді сырласым да,
Жетерлік қой қайғым да бір басымда».
Қимапты алла бақыттың жұрқасын да,
Мені сүйсең, жаным-ау, жүр қасымда.